«Жетысу» газеті МКК | Ресми сайты
«Жетысу» газеті МКК

Навигация
Сайт бойынша іздеу

WWW.ZHETYSU-SMI.KZ

Ресми сайтына қош келдіңіздер!
Интересное об известном. Свежий софт и драйвера для ноутбуков совершенно бесплатно!

Облыстық бағдарламалар - 400 бала тегін демалды

“Қарлығаш» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) білім жетілдіру-кеңес беруші әйелдер орталығы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен жасасқан уағдаластық негізінде Алматы облыстық балалар құқығын қорғау департаментімен, халықаралық еңбек және жергілікті ҮЕҰ-дармен бірлесе отырып «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының демеушілігімен қолға алынған «Балаларды еңбекке жегудің алдын алу бағдарламасын» қалыпты жүзеге асыру үстінде.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 44 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - Сарбаздар ант қабылдады

Өткен аптада №5514 әскери бөліміне Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Петропавл облыстарынан әскери борышын өтеуге келген 100 сарбаз ант қабылдады. Оларды қала әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев, №5514 әскери бөлімінің командирі Әбдумарат Тәшімбетов және Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқтарбай Қанапиянов құттықтап, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеуіне тілектестік білдірді.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 47 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - Еңбекшіқазақтықтардың “Еркесылқымы” қала тұрғындарын тәнті етті

Өткен жұма Еңбекшіқазақ ауданы үшін ерекше күн болды. Алматы мен Талдықорған арасын жалғап жатқан үлкен ауыл жұрты облыс орталығында мәдениет күндерін өткізіп, қасиетті өңірдің өзіне тән ерекшелігі мен өнерін паш етті. Ынтымақ пен бірлік жүрген жерден дәулеттің де табылатыны бар. Еңбекшіқазақ өңірі – Сақ тайпаларынан бастау алатын жиырма жеті ғасырлық тарихы бар құтты қоныс, киелі мекен. Кешегі өмір – бүгінге тарих. Уақыт өткен сайын тарих беттері қалыңдай беретіні анық. Оны қаншама терең, құндылығына кір түсірмей көрсете алғанымыздың төрешісі – халық. Осыған орай, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған аудандардың мәдениет күндері аясында өтетін іс-шаралардың халыққа берері көп.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 43 Напечатать статью

Ауыл шарушылығы - Астық ысырапсыз жиналуда

Көксу ауданының Мұқыры ауылдық округінде 370 шаруа қожалығы бар. Оның барлығы дерлік мал өсірумен және егіншілікпен айналысады. Бүгінгі таңдағы науқандық жұмыс– қыстық мал азығын дайындау мен астық ору. Тәлімі жердің астығына орақ түсті. Жер-ана адамзатын биыл да дәннен тарықтырмайтын сыңайлы. Оған астық оруды бастаған диқаншылардың тыныс-тіршілігімен танысу барысында көз жеткіздік.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 47 Напечатать статью

Спорт - Испания – чемпион!

Оңтүстік Африка Республикасында футболдан өтіп жатқан 19-шы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ия, бір айға созылған дүбірлі доданың ең соңғы ойынын Нидерланды мен Испания құрамалары өткізді. Аталған мемлекеттер құрамаларының арасындағы матчта негізгі 90 минутта есеп ашылмастан тең аяқталып, қосымша он бес минуттық екі тайм ойналды. Матчтың ең соңғы минуттарының бірінде, дәлірек айтсақ, 116-шы минутта испаниялық футболшы А. Иниеста жеңіс голын соқты. Көбінде матчтың соңында жалғыз гол соғып, жеңіске жететін испандықтар бұл жолы да сол “әдеттерін” қайталады.
Осыған дейін барлық ойынды болжап келген сегізаяқ бүгінгі жеңімпазды да таңдап үлгерді. Күллі әлемді өзінің сәуегейлігімен таңғалдырған су қоректісі бұл жолы да жаңылған жоқ. Ол бұл нәтижені ақтық сынға дейін-ақ болжап қойған сыңайлы.
Өзінің болжағыштық қасиетімен әлем тұрғындарының назарын өзіне аударған су қоректінің болмысын  ғалымдар зерттейтін болды.
Соңғы жылдары жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген Испания құрамасы әлем чемпионы атанды. Құрама өзінің тарихында алғаш рет финалға шығып, сол алғашқы финалының өзінде-ақ әлем чемпионы атанды.
Жалпы біріншіліктің қорытындысы бойынша 1-орында Испания, 2-орында Нидерланды, 3-орында Германия, 4-орында Уругвай.
Әмір САНА.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 46 Напечатать статью

Спорт - Жүйріктен жүйрік озды жарысқанда

Көкбастауда «Астана мерейі – халықтың тойы» деген ұстаныммен Президент кубогын сарапқа салған аламан бәйге өтті
Бүкіл еліміз көлемінде кеңінен аталып өткен Астана күні мерекесі «Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – әсем Астана» ұранының аясында Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабар алаңында жалғасты.
Бұған дейін де қаншама дүбірлі жарыстар өтіп жүрген жазық бүгінгі күні айрықша түрлене түскендей. Жиылған қарақұрым халық пен төбеден етекке дейін тігілген ақшаңқан киіз үйлер, ауыздығымен алысқан тұлпарларды тізгіндеген сайыпқыран шабандоздар дала сәнін келтіре түскендей. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, жалпы кім-кімнің де осынау дүбірлі сәтті асыға күткенін байқау қиын емес еді.
Подробнее | Дата: 13.07.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 46 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - Оқушыларға қамқорлық

Су тасқыны алған ауылдардың мектеп оқушылары сәуір айында елміздің білім саласы басшылығының демеуімен Көкшетаудағы Бурабай демалыс аймағында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орнында демалып, ем алып қайтты. Сонан соң қатарластарымен бірге өздері орналастырылған жерлердегі орта мектептерді білім алуларын қайта жалғастырды.
Подробнее | Дата: 05.06.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 60 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - Жасампаз істер жаршысы

Сарқан аудандық Мәдениет үйінде маусымның екісінде «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті отырысы өтті.
Подробнее | Дата: 05.06.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 63 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - «Отандастар» ақциясы басталды

Ұлттық дәстүрімізде аманатқа қиянат жасауға қатаң тыйым салынған. Тіпті, оны кешірілмейтін күнәлар қатарына қосады. Құран кәрімде: «Алла тағала аманатқа қиянат етушілердің айлаларын алысқа жібермейді» делінген. Мұны айтып отырғаным, ата-бабаларымыз осынау ұлан-ғайыр даланы бізге аманаттады. Ал, бүгінгі таңда барлық қазақстандық келешек үміті мен мұратын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына сеніп, тапсырып келеді. Өйткені, олар осы міндетті тек Елбасы басшылық ететін партияның тыңғылықты орындай аларына күмәнданбайды. Алайда, мұнымен болдық, толдық деуге де ерте. Ел болашағын кемелдендіру үшін атқаратын жұмыстар жетерлік.
Подробнее | Дата: 05.06.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 57 Напечатать статью

Облыстық бағдарламалар - Таяуда тағы да қоныстойы болады

Қызылағаштағы жаңа үйлерге кіргендердің қуанышында шек жоқ. Олардың тірлігіне қызыға қараған шатырлы қалашықты уақытша паналап жатқандар да күні ертең өздері де су жаңа баспаналарға ие болар сәтті асыға күтіп жүр. Амандық болса, бүгін-ертеңдері тағы 200 үйде қоныстойы аталып өтілмек. Облыс басшысының бастамасымен жаңа шаңыраққа ие болған отбасылардың барлығына күнделікті тұрмысқа аса қажетті деп табылған 23 заттан құралған жиынтық тапсырылуда. Ең бастысы газбен жанатын пеш, отбасындағы адам санына есептелген төсек пен көрпе-жастық, үстел-орындықтар мен ыдыс-аяқ және тағы басқаларды ешкім сырттан іздеп, басқа жерлерден жеткізіп әуре болмайды. Сонымен бірге, шағын ғана ас үй жиһазы қойылған. Тоқетерін айтқанда, баспаналы болғандар күнделікті тірлік барысында бірінше кезекте қажет болатын заттармен толық қамтамасыз етілген.
Подробнее | Дата: 05.06.2010 | Разместил: Rishad | Прочитано: 61 Напечатать статью
Всего 617 на 62 страницах по 10 на каждой странице
[ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ... | 62 ] [>>]
E-News.KZ - Все новости Казахстана!
Е-Үкімет
ҚР Президенті
ҚР Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
Мем. рәміздер
ҚР Мемлекеттік рәміздер

"Жетысу" газеті МКК
040000, Талдықорған қ-сы, Кабанбай батыр к-сі, 32
Тел.: (8-7282) 24-35-28
Факс: (8-7282) 24-37-11